«Білім жолын бастаған, бастауышым бастамам» » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім жолын бастаған, бастауышым бастамам»
25
февраль
2022

«Білім жолын бастаған, бастауышым бастамам»

Бастауыш сыныптар арасында 01.02.22ж - 18.02.22ж күндері аралығында сыныптан тыс іс-шаралар өткізу жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.


Апталық тақырыбы:  «Білім жолын бастаған, бастауышым бастамам».

Мақсаты:

-         Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;

-         Ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету және ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

-         Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру,


Күтілетін нәтиже:

оқушылардың сыни ойлау қабілеттері дамиды. Оқушылардың қызығушылықтары артады. Шығармашылықпен жұмыс жүргізеді.


Ұлағатты ұстаздар, құрметті ата-аналар мен қымбатты оқушылар!

Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгінгі оқушы- білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген тұлға болуы керек.

Осы мақсатқа жету жолында №9 мектеп ұстаздары қажырлы еңбек етуде. Оның дәлелі- 2021-2022ж, оқу жылының 1 ж/ж қорытындысы бойынша арнайы ұстаздарымыз бен оқушыларымыз әр түрлі іс-шараларға белсене қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды.

Бұл, әрине ұлағатты ұстаздардың, құрметті ата-аналар мен қымбатты оқушылар, Сіздердің арқаларыңыз деп білемін. Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім-білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет.

Осы жолда қажымай, талмай еңбектің өлшеусіз үлесін көрсетіп, болашақтың бағдаршамы-ұстаз деген атаққа әрқайсыңызда лайықсыздар, қымбатты ұстаздар!  Шәкірттеріміздің талабы-оң болсын!

Апталықтың өтілу барысымен таныс болыңыздар:

1) 1- сыныптар ертегі қойылымдары.

2) 2021-2022 оқу жылындағы атаулы күндерге байланысты, ұстаздарымыз

ақын-жазушыларымызға арналған сынып сағаттарын өткізеді.

3) «Мәнерлеп оқу» байқауы: 1-4 сыныптар арасында. Қазақтың лирик,

мәртебесі биік, ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен жырлайды.

4) «Үлгілі дәптер» байқауы: 1-4 сыныптар арасында

5) Қабырға газетін шығару.  Тақырыбы:«Білім жолын бастаған, бастауышым

бастамам.»

6) Пән мұғалімдері: Сынып сағаттары, сайыс сабақтары мен интеллектуалды

сайыстар, ойындар, т.б сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді.

7) Дене шынықтыру пәні ұстаздарының ұйымдастыруымен эстафеталық

жарыстар өтіледі, сынып жетекшілерінің қатысуымен1,2,3,4 - сыныптар арасында өтті.

Уважаемые, коллеги и дорогие ученики! Неиссякаемым сокровищем в жизни человека является знание. Человек может достичь всех своих мечтаний, целей только через знания. Сегодняшний ученик должен быть человеком, способным выдержать конкуренцию знаний, с открытым сознанием, вобравшим в себя духовно-нравственные ценности нашего народа, свободно владеющим тремя языками.

На пути к достижению этой цели трудятся учителя 9 школы. Доказательством тому является то, что по итогам прошедшего учебного года они были удостоены специальной награды. Показ со слайда.

Это всё благодаря большой поддержке родителей, большому мастерству учителей начальной школы,и, стараниям учащихся. Сегодняшняя молодежь должна стремиться стать надёжной опорой для будущего нашей независимой страны; стать грамотными, самостоятельными, амбициозными гражданами.

Ознакомьтесь с ходом проведения Недели:

1) 1 классы сказочные представления.

2) С связи со знаменательными датами 2021-2022 учебного года наши учителя проводят классные часы, посвященные поэтам и писателям. (Показ со слайда)

3) Конкурс "выразительное чтение". Он воспевает стихи казахского лирика, высокого статуса, поэта-акына Мукагали Макатаева.

4) Конкурс "Лучшая тетрадь".

5) Конкурс Стенгазет на тему: "Начав путь познания, начав начатое»

6) Учителя-предметники проводят: конкурсные занятия, игры, классные часы, интеллектуальные конкурсы, внеклассные мероприятия.

7) Проводятся спортивные соревнования, организованные учителями физической культуры, с участием классных руководителей. Среди 1,2,3,4-х классов.


Похожие публикации:

05 сентябрь 2017 Ата-аналарға