мерекелік іс-шаралар
2019 жылдың 15 наурыз күні "МДШО бар №9 орта мектебімізде" "Талдықорған қаласы білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен" бірлесіп ұйымдастырылған ЖМЦ пәндерін (физика, информатика, химия, биология) ағылшын тілінде оқытудың "Үштілді білім беру арқылы құзыретті тұлғаны қалыптастыру" тақырыбында ашық есік күні жоғары деңгейде өткізілді. Ашық есік күнінің мақсаты: Үштілді білім беру арқылы құзыретті тұлғаны қалыптастырудағы тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану туралы іс-тәжірибе тарату.