Мерекелік іс-шаралар
"Біздің таңдауымыз- заңды мемлекет ”
дөңгелек үстел
Мектебімізде 19.02.2018ж. 8-9 сыныптар арасында "Біздің таңдауымыз- заңды мемлекет ” атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Ата заңымызғадеген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті тұлғаны
қалыптастыру.
Қатысқаны: - 26 оқушы
Іс-шара барысында "Біздің таңдауымыз- заңды мемлекет ” деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, Заңға байланысты қанатты сөздер жазылып ілінді. Көрмеге Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының рәміздері, Заң туралы қанатты сөздер, заң туралы газет материалдары қойылды.
Дөңгелек үстелдің соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейтжанова Ботагөз Әлімқожақызы сөз сөйлеп, оқушыларға рахметін айтты.