Әдістемелік кеңес
2016-2017 оқу жылында атқарылған оқу тәрбие жұмысына сараптама
Сараптаманың мақсаты:
1.2016-2017 оқу жылында мектептің алға қойған мақсаты мен міндеттерін шешуде, әдістеме жұмыстарын ұйымдастыруда, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен мақсатқа жетудегі жетістіктерін айқындау.
2.Өткен оқу жылындағы кемшіліктерді басшылыққа ала отырып, жаңа оқу жылының мақсаты мен міндеттерін белгілеу.
Ғылыми – әдістемелік жұмысқа сараптама (Т.Ибраева)
Мектептегі білім берудің басты бағыты - жаңа уақыт талабына лайық жаңаша білім беру болып табылады. Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Мұғалімнің кәсіби шыңдалуы бүгінгі мектеп оқушысы, ертеңгі қоғам азаматтарының тұлғалық дүниежүзілік білім кеңестігіне шығудың негізі болмақ. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі – жан-жақты, жоғары білімді, шығармашыл қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын негізге ала отырып, ағымдағы оқу жылында даму бағдарламасы талданып, құрылды.
Мектептің даму бағдарламасының тақырыбы:Білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру арқылы білім сапасын көтеру.
Мақсаты:
Оқу үрдісіне оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу арқылы білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру.
Міндеттері:
·Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы елжанды, жауапкершілікті, сыни тұрғыда ойлай білетін, өз ойын еркін айта алатын сауатты, дені сау оқушылар тәрбиелеу;
·Білім беруде оқыту мен оқуды бағалаудың әдістерін меңгеру;
·Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін дамыту;
·Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді меңгеруге, оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға жағдай жасау;
·Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру арқылы білім мазмұнын жетілдіру;
·Критериалды бағалау бағдарламасын зерделеу, сатылай енгізу;
·Мектептегі басқару жүйесін жетілдіру;
·Мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Бағдарламаны іске асыру мерзімі III кезеңге бөлініп, бірінші кезеңнің жұмысы талданды.
Жұмыс барысында күтілген нәтижелер:
·Тәлімгерлік жұмысты жетілдіру арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру;
·Алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолдану;
·Мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру;
·Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысатын мұғалімдер мен оқушыларды көбейту;
·Оқушылардың функционалдық сауаттылығы арттыру;
·Мектептің білім беру аясы кеңейтіліп, білім сапасының арттыру.
Соңғы оқу жылындағы мектеп дамуында байқалған жағымды тенденциялар:
·Оқушылардың пәндік олимпиадаларда нәтижеге жетуі облыстық деңгейге көтерілді;
·Педагогикалық ұжымның кәсіби біліктіліктерінің жоғарылауы ұлғайды;
·Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде 1,2,5,7 сыныптарға сабақ беретін ұстаздар білімдерін жетілдірді /50,1%/;
·Мектептегі ата-аналар мен мұғалімдердің өмірлік ұстаным көрсеткіштері дамыды (сауалнамалар мен анкета жүргізу қорытындысы бойынша анықталды);
·Мектептің талдау қызметінің көрсеткіші бойынша оқу орындарының одан ары дамуы - оқу және материалдық базаның күшейтілуі, мектепішілік білімді сапалы жетілдірумен, педагогикалық ұжымның үнемі жаңаруымен байланысты болатынын көрсетті.
Ақпараттық қоғамның қалыптасуы ақпарат пен білімнің өсу шегіне әкеледі және білімнің, қоғамның даму қатарына өсуіне септігін тигізеді. Осының нәтижесінде білім деңгейін көтеруге талпынған адамдар саны арта түсті.
Мектептің даму бағдарламасын негізге ала отырып, ғылыми - әдістемелік жұмыс жоспары құрылды.
Мектептің ғылыми-әдістемелік тақырыбы: Оқу үрдісіне оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу аясында тәлімгерлік жұмысты жетілдіру арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсарту.
Мақсаты:Оқу үрдісінде мұғалімдерге әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетуде тәлімгерлік жұмысты жетілдіріп, оқыту мен оқу сапасын жақсартуға ықпал ету.
Міндеттері:
·Тәлімгерлік жұмыс бойынша коучинг және мониторинг, шебер сыныптар арқылы оқытудың тиімділігі мен жауапкершілікті арттыру;
·Бағдарламаның модульдерін іске асыру мақсатында тізбектелген сабақтар топтамасын жүргізу арқылы мұғалімдердің шеберлігін қалыптастыру;
Критериалды бағалау бағдарламасын сатылай қолдану арқылы оқытудың тәжірибесін күшейту;
Табысқа жету жолдары қарастырылды:
·Мектептің материалдық және адами ресурстарын тиімді бөлу, пайдалану.
·Ұжымдағы әрбір педагогтың іс- әрекетіндегі күшті және әлсіз жақтарын анықтау;
·Жаңартылған бағдарлама бойынша білімін жетілдірген мұғалімдердің тәлімгерлік жұмыстары арқылы ұжымның шығармашылық деңгейін көтеру;
Осы мақсатқа жету мен міндеттерді шешуде педагогикалық ұжым мен әдістемелік кеңес құрамы оқу жылында төмендегі бағыттар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.
·Мұғалімдердің сандық, сапалық құрамын анықтау;
·Кадрмен қамтамасыз ету;
·Пән бірлестіктерін құру, бірлестік жетекшілерін тағайындау, әдістемелік кеңес құрамын бекіту;
·Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру;
·Өзіндік білім көтеру;
·Әдістемелік кеңестер, отырыстар;
·Пән бірлестіктерінің жұмысы;
·Жас маманмен жұмыс;
·Озық іс-тәжірибе тарату;
·Әдістемелік пән апталықтары;
·Кәсіби байқаулар ұйымдастыру, қалалық байқауларға қатысу;
·Коучингтер,семинар, конференциялар, тренингтер;
·Қазіргі сабақ түрлерін өткізу және ұйымдастыру туралы кеңестер;
Мұғалімдердің жұмысынқорытындылау, яғни аттестациялау жұмыстары. Мектеп дамуында байқалған жағымды тенденциялар:
·Педагогикалық ұжымның кәсіби біліктіліктерінің артуы ұлғайды;
·Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде 1,2,5,7 сыныптарға сабақ беретін ұстаздар білімдерін жетілдірді /50,1пайыз/;
·Мектептегі мұғалімдердің өмірлік ұстаным көрсеткіштері дамыды (сауалнамалар мен анкета жүргізу қорытындысы бойынша анықталды);
·Педагогикалық ұжымның теориялық және әдістемелік жинақ қорлары дамып келеді;
Кадрлық әлует сараптамасы:
·Білімі бойынша: 2014-2015 оқу жылында 105 мұғалім қызмет атқарды, 98-і жоғары білімді, яғни, 93,3% құрайды, 7 мұғалім орта арнаулы білімді, бәрі мамандығы бойынша жұмыс істейді.
Педагогтардың біліктілік санаты бойынша үлесі: жоғары санатты- 23 , бірінші санатты ұстаз -35, екінші санатты- 28, жалпы санатты- 19. Жоғары, бірінші санатты мұғалімдер үлесі жалпы педагогикалықкадрлардың 55,2 %құрайды;
·Білімі бойынша: 2015-2016 оқу жылында 99 мұғалім қызмет атқарды, 91 жоғары білімді, яғни, 91.9 % құрайды, 8 орта арнаулы білімді, бәрі мамандығы бойынша жұмыс істейді.
·Педагогтардың санат бойынша үлесі: жоғары санатты- 23 , бірінші санатты қызметкер -33, екінші санатты- 26, жалпы санатты- 17. Жоғары, бірінші санатты мұғалімдер үлесі жалпы педагогикалық кадрлардың 56,5 % құрайды;
·Білімі бойынша: 2016-2017 оқу жылында 102 мұғалім қызмет атқарды, 95 жоғары білімді, яғни, 94,2 % құрайды, 7 орта арнаулы білімді, бәрі мамандығы бойынша жұмыс істейді.
·Педагогтардың санат бойынша үлесі - жоғары санатты - 25 , бірінші санатты ұстаздар - 32, екінші санатты - 28, жалпы санатты - 17. Жоғары, бірінші санатты мұғалімдер үлесі жалпы педагогикалық кадрлардың 55,8 % құрайды;
Педагог қызметкерлерді аттестаттау туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығы негізінде «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау туралы» Ережесіне сәйкес ағымдағы жыл бойы бекітілген жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Облыстық, қалалық аттестаттау комиссиясы мен сараптама комиссиясына - 21 мұғалім өз жұмыстарын ұсынды. 6 мұғалім екінші санатқа ұсынды. Жалпы оқу жылы бойы 27 ұстаздың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін анықтау 7 критерийлік сараптама бойынша жүзеге асырылды. Республикалық және облыстық мерзімді ақпараттық-әдістемелік басылымдарға жіберілген жазбалары мен әдістемелік мақалалары, оқу жылы барысындағы қол жеткен жетістіктері, қалалық және облыстық шараларға қатысулары есепке алынды.
Жалпы 27 ұстаздың атқарған жұмыстары зерделеніп, аттестация комиссиясына ұсынылды. Нәтижесінде төмендегі ұстаздар біліктілік санаттарын көтерді және растады:
-Жоғары біліктілік санаттарын 5-і растады. Олар: Г.Байтоқова, Н.Байжуманова, Г.Мамытаева, Б.Асылбаев, Г.Кудагельдинова.
-Жоғары біліктілік санаттарын 12 -і көтерді. Олар: С.Агимов, Б.Умарова, А.Түркебаева, Б.Солтанханова, Б.Исафина, М.Бекбосынова, К.Жакупова, С.Тұтқабаева, Г.Дарменова, А.Серикбаева, Ж.Кудайбергенова, Ж.Омарова.
-Бірінші біліктілік санаттарын 1-і растады. Ол қазақ тілі пәні мұғалімі Э.Исаева.
-Бірінші біліктілік санаттарын 3-і көтерді. Олар: Ш.Нұрахметова, Г.Абугалиева, А.Оспанжанова.
-Екінші біліктілік санаттарын 6-ы көтерді. Олар: А.Ахметова, М.Нұрлыбаева, Э.Семембаева, М.Касенова, К,Мейрманова, Н.Альмамбетова.
Соңғы 3 жылдағы педагог мамандарды аттестациялау
Оқу жылы |
Өтініш берген мұғалімдер саны |
Жоғарғы санатқа |
Бірінші санатқа |
Екінші санатқа |
Аттестаттау қорытындысы |
||||
ө |
р |
ө |
р |
ө |
р |
өтті |
өтпеді |
||
2014-2015 |
20 |
4 |
- |
5 |
2 |
5 |
4 |
20 |
- |
2015-2016 |
11 |
1 |
3 |
4 |
- |
3 |
- |
11 |
- |
2016-2017 |
27 |
12 |
5 |
3 |
1 |
6 |
- |
27 |
- |
Мұғалімдердің жалпы марапаттары
Мектеп- тің атауы |
«ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі иегері |
«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі иегері |
«Ы.Алтынсарин» төсбелгісі иегері |
Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы |
Облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы |
«МДШО №9 ОМ |
2 |
2 |
1 |
12 |
56 |
Критериалды бағалау жүйесін оқу үрдісінде қолдану
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсатыбағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
– ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну.
Мұғалімдерді оқу бағдарламаларымен, әдістемелік нұскаулықтар мен нормативтік құжаттармен таныстыру мақсатында семинар ұйымдастырылды.Олар:
·ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты;
·Оқу бағдарламасы;
·Оқу жоспары;
·Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі;
·Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
·Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық;
·Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
·Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
Жыл бойы мұғалімдердің тақырыптық- күнтізбелік жоспарларын құруға әдістемелік нұсқау беріліп отырылды. Жылына екі рет тексеріліп, жіберілген кемшіліктер бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Бірінші сынып мұғалімдерін smk.edu.kz порталына тіркеп, және Білімдер сайтынан көптеген мәліметтер алып, оқыту семинарлары, коучинг, ашық есік күндерін ұйымдастыру арқылы үнемі іс-тәжірибелері жетілдірілді. Тоқсан бойы ата – аналармен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Әр сыныптың сабақтарына қатыса отырып, жіберілген кемшіліктер уақытылы талданып, түзету жұмыстары жүргізілді. Нормативті құжаттармен жұмыс жүргізу реті түсіндірілді.
1 сыныптар бойынша білім мазмұнын жаңарту жұмыстарына жоспар құрылып, мектепішілік және қала,облыс деңгейінде әдістемелік көмектер ұйымдастырылды. Шығармашылық топ құрылып, жұмыс жоспары бекітілді. Педагогикалық ұжымды критериалды бағалау жүйесімен таныстыру үшіноқыту семинары өткізілді.
1 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің ҰМЖ,ОМЖ, ҚМЖ тексеріліп, нұскау берілді. 1 сынып оқушыларының ата-аналарына КБ жүйесін түсіндіру кездесулер жүргізілді. Ұстаздар қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезіндегі маңызды кезеңдердің бірі – оқушылардың жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасады. Мысалы, қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне толық талдау жүргізу үшін мұғалім арнайы құрастырылған бақылау парағын қолданып, ата аналарға кері байланыс жасап отырды. Бағдарламаға сәйкес пәндер бойынша жиынтық бағалау өткізу кестесі құрылып, бекітілді және кестеге сәйкес жыл бойы оқушылар білімі тексеріліп отырылды. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады.
Ата-аналармен атқарылған жұмыста үнемі төмендегі критериалды бағалаудың негізгі міндеттері түсіндірілді:
-бағалау жүйесінің артықшылығы,
-баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызатындығы.
Бағалауды стандарттау мақсатында пән мұғалімдер білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленді. Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір тәртіппен жүргізілді.
Мұғалімдер модерацияға дейін:
•оқушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес балдарды қарындашпен қойды;
• мұғалімдер жиынтық бағалау жұмысы үлгілерін іріктеп алады;
•жеке мәліметтерді кодтап, оқушылардың жұмыстарының көшірмелерін дайындайды.
Модерация кезінде:
• жұмыс қорытындысын ұжымда талқылап, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізді;
• отырыс хаттамасына қол қойылды.
Модерациядан кейін:
• модерация ережесін ескере отырып, оқушылардың жұмыстарын қайта қарап,
• тексеріп болғаннан соң нақты балдар қаламмен қойылады;
•мұғалімдер соңғы нақты балдарды электрондық журналға толтырды. Модерацияны өткізу үшін параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің ішінен комиссия құрылды. Бастауышсынып мұғалімдерінің жұмысы зерделеніп, оқушылардың біліміне тоқсандық, жылдық жиынтық бағалаудан кейін мониторинг жасалып, талқыланды.
Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығымен бірлескен түрде «Электронды оқыту жүйесін енгізу бағдарламалары жөнінде» облыстық семинар өтті.Мектептің информатика пәні мұғалімі М.Бекбосынова кең көлемде түсінікті тілде өз әріптестерімен әкімшілікке ашық сабақ түрінде бағдарламаларды енгізу түрлерін көрсетті.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек.
Қорытындылай келе, төмендегідей ұсыныстар енгізілді:
- Күнделікті сабақ барысында жеті модуль идеяларын ықпалдастыра отырып, оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
- Сынып жетекшілер оқушыларға мейірімділік көрсетіп, қатаңдық танытпай, мадақтауды ұстану қажет.
- Оқушылармен жекелей жұмыс жүргізуді тереңдету.
- Әр оқушының қабілеттері мен жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
- Оқушыларға жылы лебізбен, ықыласпен көмек көрсету.
Пән бірлестіктерінің жұмысы
Мектептің №223-ө бұйрығы негізінде 9 пән, 1 сынып жетекшілер бірлестігі құрылып, жетекшілері бекітілген.
Мектеп әдістемелік кеңесінің құрамына барлық әдістемелік бірлестік жетекшілері енді. Әрбір ӘБ жыл бойы мектеп әдістемелік тақырыбымен тығыз байланысты болып келетін өз әдістемелік тақырыптары бойынша жұмыс істеді. ӘБ өз қызметін мұғалімге көмек көрсетуге, олардың өз тақырыптары бойынша теориялық және практикалық ақпараттарын талқылауға, жоба бойынша жұмыс қызметін, оқу процесін ұйымдастыруға бағыттады.
Оқу үрдісінде жетекші роль педагогқа тиесілі болғандықтан, әр ұстаз өзін-өзі көрсете білуге, өзін-өзі басқара білуге, дербес жұмыс істеуге ұмтылды.Әр мұғалімнің өздігінен білімін көтеру жұмысы жоспары бар. Бұл жоспарларды қарастыра отыра, олардың келесі негізгі жұмыс бағыттарын көрсетуге болады:
-Түрлі сабақ формаларын ұйымдастыру бойынша әріптестерінің прогрессивті тәжірибелерімен танысу;
-Жаңартылған білім бағдарламаларымен, концепцияларымен танысу, қолдану;
-Білім беру басшылық органдары шығаратын нормативтік құжаттармен танысу;
-Әріптестерінің мектептік, қалалық, облыстық, республикалық көлемдегі алдыңғы қатарлы әріптестерінің жұмыс тәжірибесімен танысу;
Қалалық, облыстық ӘБ шығармашылық тобы, пән мұғалімдері бірінші сынып мұғалімдерінің сабақтарына қатысты.
Аймақтық дөңгелек стол барысындағы барлық шаралар жоғары әдістемелік деңгейде өтті.
Педагогикалық тәжірибені тарату, білім беру жүйесіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтар түрлі әдістемелік іс-шараларға қатысты.
Мектеп мұғалімдері әріптестерімен, біліктілік көтеру курсы тыңдаушыларымен іс-тәжірибелерімен бөлісті, ( сертификатқа ие болды).
Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың кәсіпті саналы түрде таңдау жасай білу мақсатында жүргізіледі. Бұл мақсатта кәсіп туралы ақпарат, кәсіптік жарамдылық, маңызды кәсіп түрлері, кәсіби мансап, қоршағандардың (ата-ана, жолдастар, таныстар, достар, әріптестер) өзара сыйластықты қарым-қатынасына негізделген адамның қажетті кәсіби қасиеттері туралы ақпарат берілді.
Жұмыс қорытындысы әдістемелік бірлестік отырыстарында талқыланды.
Оқу жылы барысында бірлестіктер жоспарға сай жұмыс жүргізді, алайда белгіленген іс-шараларды мерзімінде орындамаған ағылшын тілі пән бірлестігі (жетекшісі Г.Сүлейменова), дене шынықтыру пәні бірлестігі (жетекшісі А.Мухаметкалиев),сынып жетекшілері бірлестігі (жетекшісі А.Ахметова).
Пән апталықтары бойынша кемшіліктер:
- жоспарланған іс-шаралар оқушылардың танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыруға, дамытуға негізделіп құрылмаған. Тек ашық сыныптан тыс шараларды жоспарлаумен шектелген. Сабақтың мақсатын құрып, міндеттерін нақты айқындай білмейтін, ұстаздармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал, МИФ( жетекшісі К.Жакупова), тарих(жетекшісі Б.Солтанханова), эстетикалық пәндер (жетекшісі Б.Қалиева) бірлестігінің апталықтары жұмыс жоспарларында:
·тренингтер;
·коучинг ;
·ашық сабақтар;
·семинарлар;
·пікірсайыстар;
·көрме түрінде ұйымдастырылды.
Жас мамандармен жұмыс
Жас мамандармен жұмыс істеу жүйесі педагог кадрлармен жұмыс істеу жүйесінің бір бөлігі. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – оларды табысты ету, өздерін көрсете білуге «кеңістік жасау».
«Жас маман» мектебінің мақсаты:
Жас мамандардың жұмысқа дайындығын анықтау, психология, педагогика, сабақ беру әдістемесі мәселелері бойынша теориялық, ғылыми – әдістемлік деңгейін көтеру, қазіргі педагогикалық технологияларды, оқу жұмысының формалары мен әдістерін оқып үйрену мен меңгеруін ұйымдастыру, жұмысын ұйымдастыруда практикалық көмек көрсету.
Жұмыстың міндеттері:
-жаңа заман талабына қойылатын талаптарды зерттеу;
-педагогикалық жаңашылдықты үйрену –меңгеру – қолдану –дамыту;
-сабақ типологиясын зерттеп игеру.
ЖММ қызметінің негізгі түрлері:
-Прогрессивтік білім беру технологияларын енгізу арқылы педагогтың жеке кәсіби стилін қалыптастыру;
-Жаңа бастаған мұғалімдерге үздік мұғалімдердің жұмыс тәжірибесімен танысу арқылы педагогикалық шеберлікті игеруге көмек көрсету;
-Тәжірибелі педагогтардың жаңа бастаған мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары мен оқу-әдістемелік сабақтарын өткізуі;
-Жас мұғалімдерді педагогикалық кеңестер, семинарлар дайындап өткізуге тарту;
-Жас мұғалімнің жұмыс нәтижесін қадағалау;
-Жас мұғалім жұмысы сәттілігі диагностикасы.
2016-2017 оқу жылында ЖММ құрамына 12 жас мұғалім енген. Жұмысқа кірген бірінші күннен бастап, оларға мектеп директорының бұйрығымен тәлімгерлер тағайындалды. Жас маман мектебі құрылды.
Тәлімгерлер мен ЖММ мүшелері тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп жатыр. Жыл ішінде жас мұғалімдердің біліктілігін көтеру және кәсіби өсуі мақсатында ашық сабақтар өткізілді, жас мамандардың қажеттіліктерін анықтау мақсатында сабақ талдауы жүргізілді, алдыңғы қатарлы тәжірибе тарату мақсатында «дөңгелек үстел» өткізіліп тұрды. Жас мамандар «Ашық есік күні», барлық пән апталықтарына, сыныптан тыс шараларға қатысты. Жас мұғалімдердің интеллектуалдық әлеуетін тартумен әдістемелік семинарлар,коучингтер, көрмелер өткізуге тартылды.
Жас мамандарға әдістемелік көмек үнемі тәлімгер мұғалімдер тарапынан көрсетіліп отырылды. Сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек көрсетілді. Жас мамандар өз біліктіліктері мен білімін еңбек жолында көрсетіпте жүр.Атап айтсам, ағылшын тілінің мұғалімі Байбекова Айгерім оқу жылында өз білімін жетілдіріп, деңгейлік курстан өтті. Аймақтық семинарда бастауыш сынып мұғалімі Толеген Қымбат жаңартылған бағдарлама бойынша ашық сабақты жоғары денгейде көрсетіп, өзіндік талдауды өте жақсы жасады. Ал бастауыш сынып мұғалімі Мулькибаева Жанна мектепішілік «Жыл мұғалімі » байқауында жүлделі орынды иеленіп, қалалық байқауға жолдама алды.
Жұмыс барысында:
- Білім стандарттарын, оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын зерттеп, жаңа буын оқулықтарын және басқа да оқу-әдістемелік құралдарды оқып, үйренді;
·Пәнді оқытудың тиімді технологияларын, белсенді оқыту әдіс-формаларын қазіргі талаптарға байланысты пәнді оқытудың арнайы әдістемесін оқып, танысты және сабақтарында қолданды.
- Мектептегі әр түрлі әдістемелік жұмыстарға белсене қатысты;
- Көрнекі құралдар жасау, оларды тиімді қолдануды үйренді;
- Оқушылардың білімдерін бағалау нормаларын меңгерді;
Тәлімгерлер әрдайым педагогикалық шеберліктері мен өз тәжірибелерін жастарға үйретуге дайын екенін көрсетті.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру
Ағымдағы оқу жылында жоспарға сай мұғалімдер іздену мен зерттеу арқылы өзін-өзі дамытып, өз білімдерін көтерді.
Мектептегі педагогикалық ұжымның арнайы өзіндік білім көтеру жоспары құрылды. Әр мұғалімге өзіндік білімін көтеру мақсатында жұмыс жүргізілуі міндеттелді. Жыл бойына мұғалімдердің біліктілігін дамыту мақсатында жоспарлы түрде пәндік жылжымалы курстар ұйымдастырылып, өткізілді.
Соңғы үш жылда курстан өткен мұғалімдер:
- 2014-2015 оқу жылында 105 педагогтың 7 мұғалім I-II деңгей бойынша курстан өтсе, 22 мұғалім қысқа мерзімді курстардан өткен, бұл 34,2 % құрайды ;
- 2015-2016 оқу жылында 99 мұғалімнің 3-еуі I, III деңгей бойынша курстан өтсе, 21 мұғалім қысқа мерзімді курстардан өткен, бұл 24,2% құрайды;
- 2016-2017 оқу жылында 102 мұғалімнің жалпы саны 52 мұғалім жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім жетілдіру курсынан өтті, ол 50,9 % құрайды, 6 мұғалім (С.Шатанова,Г.Мамытаева, Ж.Омарова, Г.Байтоқова, Б.Қалиева, С.Агимов) «Тәжірибелік рефлексия» білім беру бағдарламасы бойынша мектепішілік курсты ұйымдастырушы курсынан өтсе, 5 мұғалім (С.Агимов, Т.Демеева, Р.Байділданова, А.Байбекова, А.Койсынова ) II - III деңгей бойынша курстан өтті. Ал 3 мұғалім (А.Теміржанова, С.Тұтқабаева, М.Нұрлыбаева) жаратылыстану пәндері бойынша 9 айлық ағылшын тілін меңгеру курсынан өтуде.
Педагог кадрлардың кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында жалпы
деңгейлік курстан өту көрсеткіші
Педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған мектептің шығармашылық тобы жұмыс жасайды.
Оқу жылының басында мектептегі деңгейлік курстан өткен мұғалімдер мен тәжірибелі мұғалімдерден «Мұғалімдер қоғамдастығы» құрылып, жұмыс жоспары бекітілді. Қауымдастық мүшелері жыл бойына өздік жоспарлары бойынша жұмыстар жүргізді. Сонымен бірге «педагогикалық шеберхана» құрылған. Оған деңгейлік курстардың әдістемелік қауымдастығы жетекшісі, жоғары санатты маман - Б.Қалиева. Жұмыс жоспарына сәйкес педагогикалық ұжым үш топқа бөлінді.
Ұйымдастырушы топ: Мектеп әкімшілігі, 1- деңгей мұғалімдері, тәлім алушы. Бұл топтың міндеті қоғамдастық жоспарында көрсетілген шаралардың орындалуын басқарып, бақылады.
Дамытушы топ: 2- деңгейді меңгерген мұғалімдер және басқада пән мұғалімдері, жас мамандар, оқушылар. Бұл топ желілік қоғамдастық жоспарына сәйкес коучингтер және тәлімгерлік жұмыстарды ұйымдастырды.
Үйлестіруші топ: 3- деңгейді меңгерген мұғалімдер және басқада пән мұғалімдері, әдістемелік бірлестік жетекшілері, психолог, әлеуметтік педагог, ата- аналар комитеті. Бұл топ 7 модульді сабақтарына қолданып, жұмыс жасады.
Деңгейлік курстан мұғалімдер құрамы 22,5 пайызды құрайды.
Байқаулар нәтижесі:
Қазақстан Республикасы Білім беру мекемелерінің инновациялық озық тәжірибелерін алу арқылы (қашықтан, онлайн арқылы) мұғалімдер түрлі байқауларға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтса:
- Республикалық қашықтықтан өткен «Ұстаз - ұлы есім» байқауының «Педагогикалық қоржын» номинациясы бойынша - бейнелеу пәні мұғалімі Бақыт Қалиева, физика пәні мұғалімі Салтанат Курмангалиева - I орындарды, информатика пәні мұғалімі Құралай Жакупова - II орынды иленді;
- Республикалық қашықтықтан өткен «Ұстаз - ұлы есім» байқауында бастауыш сынып мұғалімі Арайлым Сауранбаева - гран-при жүлдесінің иегері атанды;
- Облыстық «Тіл-дарын» байқауында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айгерім Байбекова - I орынды иеленді;
- Қалалық «Үздік флипчарт сабақ» байқауында - бейнелеу пәні мұғалімі Бақыт Қалиева қатысып, номинация бойынша мадақтама грамотамен марапатталды;
- Облыстық "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы Қазақстан Респуликасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты ұйымдастырған Республикалық "Мен және менің коучингім" байқауына информатика пәні мұғалімі Құралай Жакупова қатысып, "Коучинг сабағының үздік жоспары" номинациясында бойынша «Мадақтама» грамота алды.;
- Қалалық «Үздік тарих пәні мұғалімі» сырттай байқауында Айман Иманалина қатысып, III орын иегері болды;
- "Көшбасшы" оқу-әдістемелік орталығында "Білім берудегі инновациялық қызмет және кәсіби құзіреттілік" атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда физика пәнінің мұғалімі С.Курмангалиеваның "Физика сабағында деңгейлеп –саралап оқыту" атты мақаласы жүлделі І орынды иеленді;
- Облыстық «Жаратылыстану пәндері бойынша тәжірибелік сабақтарды жүргізудің әдістемесі» тақырыбындағы байқауда биология пәнінің мұғалімі Гүлнар Байтоқова III орынды иеленді;
- "Білім берудегі инновациялық қызмет және кәсіби құзыреттілік" атты Республикалық ғылыми - практикалық конференциясында математика пәнінің мұғалімі Г.Абугалиева ІII дәрежелі дипломмен марапатталды;
- Бастауыш сынып мұғалімдері Ж.Омарова және Р.Галимжанова қалалық педагогикалық оқуға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мектеп мұғалімдерінің соңғы 3 жылдағы кәсіби байқауларға қатысуы туралы мәлімет
Байқау түрі |
Облыстық |
Қалалық
|
||||
Оқу жылдары |
2014-2015 |
2015-2016 |
2016-2017 |
2014- 2015 |
2015-2016 |
2016-2017
|
Жыл мұғалімі |
|
|
|
III орын |
III орын |
Мақтау қағазы |
Үздік сынып жетекші |
|
|
|
III орын |
Мақтау қағазы |
Мақтау қағазы |
Үздік бастауыш сынып |
|
|
|
|
|
|
Үздік флипчарт сабақ |
|
|
|
II орын |
Мақтау қағазы |
Мақтау қағазы |
Педагоги-калық оқу |
|
|
|
|
|
Мақтау қағазы |
Үздік кітапханашы |
|
|
|
II орын |
|
|
Үздік информатик |
|
2-орын |
|
|
I орын |
|
Үздік сабақ |
|
|
|
|
III орын |
|
«Педагогика-лық дебют» |
|
|
|
|
III орын |