11
январь
2022
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынды
Бүгін 2022 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев мәжіліс отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын депутаттардың қарауына ұсынған болатын.Талқылау барысында Мәжіліс депутаттары Президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап, Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болып тағайындалуына келісім берді. Жиын барысында Қ.К.Тоқаев білім мен тәрбиеге баса мән беруді атап өтті.Білімге деген көзқарасты өзгерту керектігін айтты. Президент: «Гуманитарлық мамандықтармен әуестену кезеңі өтті. Басымдылықты техникалық мамандықтарға беру керек. Инженерлер мен өнеркәсіп өкілдерінің жаңа буынын өсіріп шығару қажет болып тұр»,- деді . Сөзсіз басымдылық –сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл-бүкіл қоғам дамуының өзгеруші факторы .Мектептерді материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те,жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынов айтқандай «Мұғалім-мектептің жүрегі».Сондықтан мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Талдықорған қаласы №9 орта мектеп ұжымы бірауыздан аталған тапсырмаларды тез қабылдап,қолдау барысында жұмысқа кірісті.
Алматы облысы, Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
№9 орта мектеп ұжымы.
Алматы облысы, Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
№9 орта мектеп ұжымы.