«Өмірлік бағдар» жобасы аясында оқушыларға кәсіптік бағдар беру
Бүгін Алматы облысы білім басқармасы және Алматы облысы ішкі саясат басқармасымен «Өмірлік бағдар» жобасы аясында «МДШО бар 9 орта мектеп» КММ-нің оқушылардың ата- аналаымен кәсіптік бағдар беру негізінде ақпараттық насихат тобымен кездесуі өтті.
Семинар қонақтары, спикерлері:
Керімбек Болат Бақбергенұлы, Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы.
Джақсыбаева Бақыт Тоқтарқызы, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.
Адамбекова Айжан Мамановна, Алматы облысы білім басқарма басшысының орынбасары.
Абдыкалиева Меруерт Шайласовна, Алматы облысы білім басқарма басшысының орынбасары.
Джакубаева Ужланат Әуелахановна, Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері.
Байдилданов Ельзат Сейтжанұлы, Жоғары политехникалық колледжі директорының орынбасары
Нұрлыбеков Нұрым Көмекұлы, Алматы облыстық Азаматтық альянс Президенті.
Сұрабалдинова Сәуле Алхановна, Алматы облысының қоғам белсендісі.
Бүгінгі кездесудің басты мақсаты - кәсіптік бағдар беру, яғни қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу. Соған орай білім алу жолдарын түсіндіру. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндігін жасау.
Ал, әрбір отбасындағы ата- аналар өз балаларының болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына, олардың толыққанды мүмкіндіктерінің аясында көру үшін, баласының білім қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескере отырып, кәсіптік бағыт- бағдар беру барысында ата- аналардың ықпалы зор екендігін жеткізді.
Оқушылардың ата- аналарынан кәсіби бағдар бойынша көзқарастарын білу мақсатында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарына- жауап беру арқылы кездесудің кері байланыстар алынды.