Болашақ жас маман » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2022

Болашақ жас маман

Бүгінгі таңда біздің мектебімізде практикадан өтіп жатқан болашақ жас маманымыз Г.Давлетжанова 5 "А" сыныбына математика сабағыынан ашық сабағын өткізді.

Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз.  Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, қолданыста кең пайдалана білуі керек. Жаңа ғасыр мұғалімі шәкірт алдында терең білім, жан-жақты білікті тұлғасымен дараланып қадірленуі тиіс.

Жас ұрпақты тәрбиелеудегі мұғалімге жүктелген міндет жеңіл емес екенін сезініп те, түсініп те отырмыз. Білім беру, оқыту мен тәрбиелеу үздіксіз процесс. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан – жақты білімді, өнер сүюге бейім, өзіндік ой - талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи  танымдық, педагогика – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі.

Қазіргі заманғы мұғалім, білім берудің сапасы мен деңгейін жан – жақты көтерумен жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа инновациялық технологияларды күнделікті жұмысында қолдана білетін, білгір иесі болуы керек. Жаңа ғасыр мұғалімі талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік, білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатына жетеді.