«Адал ұрпақ –ұлт болашағы» TEDx форматында Талдықорған қаласының ауруханасының дәрігер- наркологы Сералы Мамбеталиевичпен кездесу » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал ұрпақ –ұлт болашағы» TEDx форматында Талдықорған қаласының ауруханасының дәрігер- наркологы Сералы Мамбеталиевичпен кездесу
02
ноябрь
2023

«Адал ұрпақ –ұлт болашағы» TEDx форматында Талдықорған қаласының ауруханасының дәрігер- наркологы Сералы Мамбеталиевичпен кездесу

«МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» 

КММ -де Талдықорған қаласының ауруханасының дәрігер- наркологы Сералы Мамбеталиевич оқушылармен TEDx форматында «Адал ұрпақ –ұлт болашағы» атты тақырыпта кездесу өткізді


Кездесудің мақсаты: Оқушыларға рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру. Олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.

Арнайы шақыртылған қонағымыз Сералы Мамбеталиевич өз сөзінде, өмір — ол үлкен жол. Өмір адамға бір – ақ рет берілген үлкен сый. Өмірдің мәні адалдық, адамдықта. Өмір арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнамызды тауып ағу біздің басты мақсатымыз. Ал өз мақсатымызға жету оңай емес, ол үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуіміз мүмкіндігін, халықтың мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышы ендігін айтып кетті. 

Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керектігін қоса кетті. Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрадығын өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасында оқуп жатқан жастарымызды жемқорлыққа қарсы үгіт насихат жүргізуін, әртүрлі бағыттар беру маңыздылығын атап кетті.

Кездесу сңында Сералы ағамыз, «Адам өзін — өзі тәрбиелеп, алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, «өз өмірім өзіме құнды» деген қағиданы басты назарда ұстауымыз қажеттігін біздің мектеп оқушыларымызға баяндап кетті.


Жауапты: ПҰ С.Блеутаев