Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары » "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 31-00-81
Есепші бөлімі:
+7(7282) 31-00-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары
06
ноябрь
2023

Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары

Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары

«Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет» атты тақырыпта «МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп» КММ мекеме ұжымымен жиналысы өткізілді


Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды.

Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Осыған орай білім ордамызда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес түсіндірме жұмыс түрлері жүргізілуде.

Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.

Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері:

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту.

2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.

3. Оқу-білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.

Әр мұғалім білуі тиіс:

- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.